REGIONINFO.KZ | 15 НАУРЫЗ – КОНСТИТУЦИЯ КҮНІ БОЛЫП БЕЛГІЛЕНДІ
18/03/2026

15 НАУРЫЗ – КОНСТИТУЦИЯ КҮНІ БОЛЫП БЕЛГІЛЕНДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев референдумға белсене қатысқан жастармен әңгімелесті. Ол 15 наурыз – Конституция күні болып белгіленгенін мәлімдеді.

«Мен басқа да мемлекеттердің конституцияларымен танысып шықтым. Біздің Конституциямыз ең үздік Ата заңдардың қатарында тұрады деп сеніммен айта аламын», – деді мемлекет басшысы. 

Президент жаңа Конституцияның ең алдымен, жастарға арналғанына назар аударды.

«Ауқымды үгіт-насихат науқаны жүргізілді. Алдымызда жұмыс көп. Енді жазда парламент сайлауы өтеді. Оны бір ел болып атқаруымыз керек. Бұл жастардың парламенті болуы қажет деп ойлаймын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.