REGIONINFO.KZ | 21 НАУРЫЗ – ЫНТЫМАҚ КҮНІ
21/03/2026

21 НАУРЫЗ – ЫНТЫМАҚ КҮНІ

21 наурыз – Наурыз мейрамының маңызды күндерінің бірі, бұл күн – ынтымақ пен бірліктің символы. Ынтымақ күні халықты татулыққа, өзара құрмет пен сыйластыққа үндейтін ерекше мереке ретінде аталып өтеді.
Бұл күні еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылып, көпұлтты қоғамның достығы мен бірлігі дәріптеледі. Әр ұлттың салт-дәстүрі таныстырылып, ұлттық тағамдар ұсынылып, өнерпаздар концерттік бағдарламалар арқылы мерекелік көңіл-күй сыйлайды.
Ынтымақ – ел дамуының басты кепілі. Халық арасындағы ауызбіршілік пен түсіністік қоғамның тұрақтылығы мен өркендеуіне жол ашады. Сондықтан бұл күннің мәні зор, ол әр азаматты татулықты сақтауға, ортақ құндылықтарды құрметтеуге шақырады.
21 наурыз – жүректерді жақындастырып, бірлікті бекемдейтін, мейірім мен ізгілікке толы ерекше күн.