REGIONINFO.KZ | АТЫРАУДА СТРИМНЕН КЕЙІН ҚЫЗДЫ ҰРЫП-СОҒЫП, ПЫШАҚТАҒАН ЖІГІТ ҰСТАЛДЫ
11/03/2026

АТЫРАУДА СТРИМНЕН КЕЙІН ҚЫЗДЫ ҰРЫП-СОҒЫП, ПЫШАҚТАҒАН ЖІГІТ ҰСТАЛДЫ

21 жастағы жігіт желіде көрермендерімен қоштасып, пышақ пен жараларын көрсеткен видео жариялады.Қасында 19 жастағы қыз қан-жоса болып, қорқып отыр.

Алдын ала мәліметтер бойынша, видео жарияланғаннан кейін жігіт қызды бірнеше сағат ұрып-соғып, пышақтаған.

Қыз ауруханаға жеткізілді.
Күдікті өзіне-өзі қол жұмсаған досының өлімінен кейін эмоциялық дағдарыста болғанын, сол үшін сондай әрекетке барғанын айтты.
«Азаптау» және «Жеке өмірді бұзу» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.