REGIONINFO.KZ | ҚАЗАҚСТАННЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТІНІҢ КІРІСТЕРІ ЕКІ АЙ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ЖОСПАРДАН АСТЫ
10/03/2026

ҚАЗАҚСТАННЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТІНІҢ КІРІСТЕРІ ЕКІ АЙ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ЖОСПАРДАН АСТЫ

Фото: Максим Золотухин

Ағымдағы жылдың қаңтар–ақпан айларының қорытындысы бойынша республикалық бюджетке түсімдер жоспарланған көрсеткіштерден жоғары қалыптасты.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

Ведомство мәліметінше, өсім бюджет кірістерінің негізгі бөлігін қалыптастыратын басты салықтар есебінен қамтамасыз етілген. Атап айтқанда, корпоративтік табыс салығы бойынша түсімдер 16,9%-ға артып, ақшалай мәнде қосымша 118 млрд теңгені құрады.

Қосылған құн салығы бойынша да айтарлықтай өсім тіркелді: түсімдер 38,8%-ға ұлғайды. Абсолюттік көрсеткіште бұл бюджет кірістерінің 428,6 млрд теңгеге артуына мүмкіндік берді.

Негізгі салық түрлері бойынша оң динамика жылдың алғашқы айларында бюджет кірістері жоспарының артығымен орындалуын қамтамасыз етті.