Шымкент қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері семинар-дәріс өткізді.
«Нашақорлықпен күресте жасанды интеллектіні қолдану: заманауи технологиялар мен құқық қолдану тәжірибесі» тақырыбындағы шараға 100-ден астам студент қатысып, қазіргі технологиялар мен қоғам қауіпсіздігі жайлы мағлұмат алды.

Дәріс барысында полицейлер жасанды интеллекттің нашақорлыққа қарсы күресте қалай қолданылатынын түсіндірді.
Студенттер әлеуметтік желілерді бақылау жүйелері, мессенджерлердегі чат-боттар мен арналар арқылы қылмыскерлердің заңсыз заттарды тарататы туралы білді.
Мамандар қазіргі алгоритмдердің деректерді қалай талдайтынын, күдікті әрекеттерді анықтайтынын және полиция қызметкерлеріне жылдам әрі негізді шешім қабылдауға қалай көмектесетінін көрсетті.
Арнайы назар құқықтық жауапкершілікке аударылды: қатысушылар заңсыз заттарды тарату мен сақтау, сондай-ақ онлайн арналар арқылы оларды сату қандай құқықтық жауапкершілікке әкелетінін білді. Полицейлер нақты тергеу мысалдарын келтірді.
Іс-шара интерактивті форматта өтті: студенттер қызықтырған сұрақтарын қойып, заманауи қауіптер мен өзін-өзі қорғау жолдарын талқылады.Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай дәрістер жастарға тек нашақорлық қауіпін түсінуге ғана емес, ғылым мен технологияның құқық қорғау органдарымен қалай үйлесетінін көруге мүмкіндік береді.

