Президентке мұнай өндірудің тұрақты деңгейде сақталып отырғаны, мұнай өңдеу зауыттарының қуаттарын кеңейту және 2029 жылға дейін жаңа энергетикалық нысандарды іске қосу жоспарлары туралы баяндалды.
Биыл Алматы қаласындағы ЖЭО-2 құрылысын аяқтап, Қызылорда және Түркістан облыстарында бу-газ электр станцияларын іске қосу жоспарланып отыр.
Мемлекет басшысы жобаларды уақтылы іске асыруды қамтамасыз етуді және салада цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні белсенді түрде енгізуді тапсырды.

