Әлеуметтік желілерде қала аудандарының бірінің әкімі қатысқан болуы мүмкін оқиға бейнеленген видео таралуда.
Қала әкімдігінің мәліметінше, аталған дерек бойынша оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтау мақсатында қызметтік тексеру басталады. Тексеру барысында бейнежазбада көрсетілген жағдайлар толық зерделеніп, құқықтық баға беріледі.
Әкімдік заңдылықты сақтау, қызметтік әдеп нормаларын ұстану және кез келген құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеу қағидаттарын басшылыққа алатынын атап өтті. Егер таралған бейнематериалда көрсетілген жайттар расталса, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылданады.
Қала әкімдігі тексеру аяқталғанға дейін асығыс қорытынды жасамауға шақырады.
Қызметтік тексеру нәтижелері туралы қосымша ақпарат берілетін болады.

