REGIONINFO.KZ | МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА ЕР АДАМ ТАНЫСЫН ҚАРЫЗҒА АҚША БЕРМЕГЕНІ ҮШІН ПЫШАҚТАП КЕТТІ
11/03/2026

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА ЕР АДАМ ТАНЫСЫН ҚАРЫЗҒА АҚША БЕРМЕГЕНІ ҮШІН ПЫШАҚТАП КЕТТІ

Маңғыстау аудандық сотының мәліметіне зер салсақ, оқиға көлік жуатын орындардың бірінде болған. Ер адам танысынан қарыз сұрағанда, зардап шеккен адам «ақшам жоқ» деген. Сол сәтте айыпталушы пышағын қолына алып, оның сол жақ жамбасына сұққан.

Қазақстан Республикасының ҚК 293-бабының 3-бөліміне сәйкес, ер адам суық қару қолданып, бұзақылық жасағаны үшін айыпталды. Прокурор оған төрт жыл сегіз айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Сотта жәбірленуші айыпталушыға еш талап қоймайтынын айтып, материалдық және моральдық зиян толық өтелгенін жеткізді. Ол жазаның түрі бас бостандығынан айыру болмауын сұраған.

Сот кінәні мойындағанын және ер адамның кәмелетке толмаған баласы бар екенін жеңілдететін жағдай ретінде есепке алды.

Нәтижесінде, ер адам орташа қауіпсіздіктегі түзету мекемесінде төрт жыл сегіз айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.