REGIONINFO.KZ | «Референдум – 2026» республикалық онлайн марафоны басталды
16/03/2026

Бүгін республикалық референдум аясында — «Референдум – 2026» атты онлайн марафон басталды.

Ауқымды шараны «Қазақстан» телерадиокорпорациясы ұйымдастырып отыр.

09:00-де басталған онайын марафон 01:00-ге дейін жалғасады. Он алты сағатқа созылатын шара барысында қоғамдағы өзекті тақырыптар талқыланып, ел дамуына қатысты бастамалар мен инновациялық жобалар таныстырылады. Шара шымылдығын 100 домбырашыны “Балбырауын” күйімен ашты.

Іс-шара барысында тұңғыш рет отандық өнертапқыштар жасаған роботтар марафон жүргізушілеріне көмектеседі, сондай-ақ голограмма технологиясы арқылы еліміздің жетістіктер тізбегі ұсынылады.

Марафонда 5 негізгі алаң жұмыс істейді:

1. Басты сахна – қоғам қайраткерлері, сарапшылар мен танымал тұлғалардың қатысуымен өтетін негізгі пікірталас алаңы;

2. Ток-шоу алаңы – білім беру, креатив индустрия, цифрландыру, жасанды интеллект және жастар мәдениетіне қатысты өзекті тақырыптар талқыланатын студия;

3. Инновация алаңы – жасанды интеллект жобалары, роботтар, отандық стартаптар мен IT өнімдер таныстырылатын арнайы кеңістік. Мұнда роботтандыру мен ЖИ бағытындағы жаңа бастамалар көрсетіледі; (тұңғыш рет ұсынылырып отыр)

4. Орталық коммуникациялар алаңы – республиалық референдумның өту барысына қатысты ресми органдар өкілдері мен сарапшылар әр екі сағат сайын тікелей эфирде пікір білдіреді;

5. Экспресс-камера – шараға қатысушы көрермен пікірін жеткізетін интерактивті формат. Журналистер қонақтар мен қатысушылардан блиц-сұхбат алып, азаматтардың шараға қатысты көзқарасын, көңіл күйі мен азаматтық ұстанымын көрсетеді.

Онлайн марафонда «Киберспорт», «Инклюзивті қоғам», «Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігі», «Бала тәрбиесі: дәстүр мен заманауи әдістердің сабақтастығы», «Патриотизм», «Жасанды интеллектінің дамуы»«Креативті индустрия», «Волонтерлік – жаңа азаматтық мәдениет», «Білім беру», «Ұлтты ұйыстырған мереке», «Ұлттық музыка – жаңа форматта», «Коучинг қызметін реттеу» секілді өзекті тақырыптар талқыланады.

Марафон барысында АҚШ, Ресей, Түркия, Қытай, Бельгия мемлекеттерінен, сондай-ақ еліміздің аймақтарынан меншікті тілшілер тікелей қосылады.

Медиа шарада алғаш рет ұйымдастырылған инновация алаңындаотандық өнертапқыштардың ерекше жобалары таныстырады. Атап айтқанда, Aleem ағылшын тілін үйрету қосымшасының авторы Асылжан Алтай, болашақта адам ағзасына салынуы мүмкін механикалық жүрек жобасының авторы Аделия Анаш, сал ауруы диагнозы бар адамдарға өте қолайлы жасалған жаңа арба, сондай-ақмайтабан диагнозын анықтауға арналған «ақылды» ұлтарақ» жобалары көпшілік назарына ұсынылады.

Сонымен қатар Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары өрт сөндіруге арналған роботтың мүмкіндіктерін таныстырады. Жасанды интеллект арқылы жұмыс істейтін робот иттер де қатысады. Олар белгіленген аумақты автономды түрде аралап, бейнеақпаратты бірден басқару орталығына жібереді. Бұдан бөлек, шахтерлердің қауіпсіздігін арттыруға арналған «Mainsafe» атты смарт-қолғап таныстырылады. Бұл қолғап өндірістік қауіпсіздікті күшейтуге арналған заманауи технологиялық шешімдердің бірі. Сондай-ақ Ластанған ауадан принтерге арналған қара бояу өндіруге мүмкіндік беретін инновациялық жоба да ұсынылады.

Медиа алаңда халықаралық UAE SWAT Challenge турнирінде әйелдер арасында бірінші орын алған «Томирис» арнайы жасағы да қатысып, өз тәжірибелерімен бөліседі. Іс-шараға еліміздің саясаткерлер, сарапшылар, қоғам қайраткерлері, өнер және спорт өкілдері қатысады. Олардың қатарында киберфутболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Абылайхан Ахметов, әлем чемпионы Ризабек Айтмұханжәне басқа да танымал тұлғалар бар.

Онлайн марафон отандық бұқаралық ақпарат құралдарының YouTube, Facebook, Instagram, TikTok, Telegram әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында тікелей көрсетіледі. «Референдум – 2026» арнайы Telegram арнасы да жұмыс істеп, көрермендер шараның онлайн нұсқасына қосыла алады.

Наурызнама онкүндігі аясындағы – Қайырымдылық күніне орай онлайн марафон барысында «Қайырымды жан» номинациясының жеңімпаздары марапатталады.

Марафон сахнасында BAYANSULU, AUKA, KOBA сияқты танымал жас жұлдыздар өнер көрсетеді. Шараны бастан аяқ DJ MONOGAMM музыкамен сүйемелдейді.

Марафон аясында Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясының пресс-орталығы сайлау учаскелерінің ашылуы, дауыс берудің басталуы және дауыс беру процесі туралы ресми ақпараты тұрақты түрде жарияланып отырады.

«Референдум – 2026» онлайн марафоны қоғамдағы маңызды тақырыптарды кеңінен талқылауға, пікір алмасуға және еліміздегі инновациялық жобаларды таныстыруға арналған ірі ақпараттық алаң.