Тараз қаласының соты Гүлайым Рахмонованы жол-көлік оқиғасы бойынша кінәлі деп таныды. Осылайша оған 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Онымен қоса 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.
Алайда кәмелетке толмаған балаларының болуына байланысты жаза өтеу мерзімі 5 жылға шегерілді.
Айта кетейік, былтыр шілде айында Шавкат Рахмоновтың әйелі мінген көлік апатқа ұшырап, екі адам қаза тапқан еді.

