REGIONINFO.KZ | ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС БАСТАЛДЫ
03/04/2026

ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС БАСТАЛДЫ

Түркістан өңіріндегі ахуалды көзбен көріп, нақты шешім қабылдауға келген облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков аудандардағы зиянкестерге қарсы жұмысты күшейтуді қолға алды.Оның Сарыағаш пен Келес аудандарындағы шегіртке ошақтарын өз көзімен аралап, әрбір алқаптың жағдайын мұқият бақылауы — жай есеп үшін емес, нақты нәтижеге жұмыс істейтінін көрсетеді.Жиын барысында да ол тек тыңдаушы болып қалмай, әрбір баяндамаға терең үңіліп, нақты тапсырмалар берді. Алқаптарды аралау кезінде Н.Тұрашбеков  шаруалармен, мамандармен ашық пікір алмасып, олардың ұсыныстарында ескерді.

 Бүгінгі күрделі жағдайда шегіртке секілді қауіпті зиянкеспен күрес оңай емес. Түркістан облысында Марокко шегірткесінің күбіршелеріне зерттеу жүргізу 52 900 га аумақта жоспарланған. Жұмыс наурыз айының басынан басталып жүргізілуде. Бүгінгі күнге дейін Арыс қаласы Қожатоғай, Монтайтас ауылдық округтерінің шекаралық аймақтарында 800 га зерттеліп, 18 га аумақта күбіршелер анықталды. Кей аумақтарда 1 м² жердегі тығыздығы 120 данаға жетсе, енді бір алқаптарда 1-данаға дейін кеміген.
Жиын барысында 2026 жылы үйірлі шегірткелерге қарсы жүргізілетін химиялық өңдеу және алдын алу іс-шараларының кешенді жоспары жан-жақты талқыланды. Келес ауданы әкімінің орынбасары Сүлеймен Жылқыбаев, Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Нұрболат Талипов дайындық барысын баяндап, нақты жоспарлар мен ұйымдастыру жұмыстарына тоқталды.Сарыағаш ауданы Әлімтау, Дарбаза ауылдық округтеріне қарасты аумақтарда 200 га зерттеліп, 21 га аумақта күбіршелер анықталды.1м2 жердегі тығыздығы 25-56 дана. Зақымдану деңгейі 14–17%.Келес ауданы Бозай, Бірлік ауылдық округтеріне қарасты аумақтарда 250 га зерттеліп, 23 га аумақта күбіршелер анықталды. Мамандардың мәліметінше, алдағы кезеңде Келесте жалпы көлемі 143 350 гектар жерді зиянкестерден қорғау үшін химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Жалпы аумақ 19 секторға бөлініп, жұмыстарды үйлестіруге ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты мекемелердің 19 маманы және жергілікті атқарушы органнан 38 өкіл жауапты болып бекітілген.Бұл мақсатта 220 анықтаушы маманнан құралған топ пен 44 арнайы автокөлік жұмылдырылып, далалық жұмыстарды ұйымдастыру үшін 23 жатын орын қарастырылған. Кестеге сәйкес, ең ауқымды өңдеу жұмыстары Бірлік ауылдық округіндегі 44 мың 100 гектар, Жамбыл ауылдық округіндегі 44 мың 100 гектар және Бозай ауылдық округіндегі 39 мың 600 гектар алқапта атқарылмақ. Сонымен қатар, жиын барысында Қошқарата, Біртілек, Ошақты және Ақтөбе ауылдық округтеріндегі фитосанитарлық жағдайға да ерекше назар аударылды. Сарыағашта химиялық өңдеуді 10 ауыл округте жүргізу жоспарланған. 88 600 гектарды қамту көзделіп отыр. Жалпы ауданда өңделетін аймақ 18 секторға бөлінген. Аудан әкімінің орынбасары бекітілген аймақтарға техника бөлінісі мен анықтаушылар туралы мәлімет ұсынды.Жиыннан кейін жұмыс тобы Ақтөбе және Жүзімдік ауылдық округтеріне барып, алқаптардың нақты жағдайымен танысып, дайындық деңгейін бағамдады.