REGIONINFO.KZ | Шымкент тұрғыны соңғы үлгідегі жоқ iPhone-дарды 45 мың теңгеге сатқан
17/03/2026

Шымкент тұрғыны соңғы үлгідегі жоқ iPhone-дарды 45 мың теңгеге сатқан

Шымкент қаласы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері интернет-алаяқтықтың бірнеше дерегіне күдікті әйелді анықтап, ұстады.

Күдікті танымал хабарландыру қосымшасында қымбат смартфондарды арзан бағада сату туралы жалған жарнамалар жариялаған. Атап айтқанда, iPhone 17 Pro Max телефонын нарықтағы құнынан әлдеқайда төмен бағамен — 45 мың теңгеге сататынын көрсеткен.
Тиімді ұсынысқа сенген қала тұрғындарының бірі «сатушымен» байланысып, көрсетілген шотқа ақшаны аударған. Алайда қаражатты алғаннан кейін әйел байланысқа шықпай кеткен.
Күдіктінің осыған ұқсас тәсілмен жасалған 4 алаяқтық дерегіне қатысы бар екені анықталды. Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Полиция азаматтарға онлайн сатып алу кезінде сақ болуды ескертеді. Бейтаныс адамдарға ақша аудармаңыздар және хабарландырулардың шынайылығын мұқият тексеріңіздер.