REGIONINFO.KZ | Шымкентте ұландықтар референдумда алғашқылардың бірі болып дауыс беруді аяқтады
16/03/2026

Шымкентте ұландықтар референдумда алғашқылардың бірі болып дауыс беруді аяқтады

Шымкент қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 6506 әскери бөлімінің әскери қызметшілері жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдумға алғашқылардың бірі болып қатысты.

Әскери бөлім аумағында орналасқан №89 сайлау учаскесі таңғы сағат 06:00-де өз жұмысын бастады. Жеке құрам дауыс беруге белсенді қатысып, өздерінің азаматтық ұстанымдарын көрсетті. Учаскеде барлығы 618 мерзімді әскери қызметші дауыс берді. Әскери қызметшілер белгіленген тәртіппен учаскеге келіп, ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауға өз үлестерін қосты.

«Мен үшін референдумға қатысу – еліміздің болашағына өз үлесімді қосудың мүмкіндігі. Біз әскери қызметте болғанымызға қарамастан, шет қалмай, азаматтық борышымызды орындау маңызды», – деп атап өтті қатардағы жауынгер Серік Жанғалиев.