REGIONINFO.KZ | ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
08/04/2026

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Шымкент қаласында мемлекеттік қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай салтанатты іс-шара өтті. Халыққа қызмет көрсетудегі еңбегін елеп, ынталандыру мақсатында бірқатар қызметкерге қала әкімінің Алғыс хаты табысталды.

Возможно, это изображение один или несколько человек
Айта кетейік, 2025 жылдың қорытындысы бойынша қала әкімдігі және оған қарасты ұйымдар тарапынан 15 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның 98,4 пайызы электронды форматта ұсынылған. Бұл мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен цифрландыру деңгейінің жоғары екенін көрсетеді.
Нет описания фото.
Қоғамдық мониторинг нәтижелері бойынша қаладағы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына азаматтардың қанағаттану деңгейі 94,5 пайызды құрап отыр. Осының нәтижесінде Шымкент қаласы өңірлік рейтингтің үздік бестігіне енді.
Сонымен қатар, бұл салада оң динамика байқалады. Атап айтқанда, 2023-2025 жылдар аралығында мемлекеттік қызметтерге қанағаттану деңгейі 15,6%-ға артқан.
Іс-шара аясында денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау және архив салаларының өкілдері, мемлекеттік қызмет жүйесін дамытуға және халыққа қызмет көрсету сапасын арттыруға елеулі үлес қосқан қызметкерлер қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.