
Білім сапасы көрсеткіштері де жақсаруда. 2024-2025 оқу жылында 178 оқушы «Алтын белгі» иегері атанып, 250 түлек «Үздік аттестат» алды. 9-сынып бітірушілерінің 350-і үздік аттестатқа ие болды. 11-сыныпты тәмамдаған 3 063 оқушының 2 468-і ҰБТ-ға қатысып, олардың 53,1 пайызы мемлекеттік грант жеңіп алды.

Пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобаларда да жетістіктер бар. 2024-2025 оқу жылында 108 оқушы облыстық, 9 оқушы республикалық олимпиадаларда жүлдегер атанса, 2025-2026 оқу жылының алғашқы жартыжылдығында өткен облыстық олимпиадалар мен ғылыми жоба конкурстарында 76 оқушы жүлделі орын иеленді. Сонымен қатар биылдан бастап қала мектептерінде үйірме ретінде «Яссауитану» пәні енгізілді. Бұл бастама жас ұрпақтың рухани-танымдық көкжиегін кеңейтуге бағытталған.