REGIONINFO.KZ | ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДА «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 20-ДАНА АСТАМ КӨШЕ ЖӨНДЕЛГЕН
10/03/2026

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДА «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 20-ДАНА АСТАМ КӨШЕ ЖӨНДЕЛГЕН

Келес ауданында өткен жылы «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында жалпы құны 3,3 млрд теңгені құрайтын 10 жоба 8 елді мекенде жүзеге асырылды.

Жобалардың басым бөлігі жол инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған. Нәтижесінде жалпы ұзындығы 33,9 шақырым болатын 7 елді мекендегі 21 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, Жүзімдік ауылында – 11 көше, Жаңа қоныста – 3 көше, Жамбыл, Қарабура және Алғабас елді мекендерінің әрқайсысында – 1 көшеден жөнделді. Сонымен қатар, Қоңыртөбе мен Береке ауылдарында 2 көшеден жаңартылды.

Ауданда сапалы электр қуатымен қамту мәселесі де кезең-кезеңімен шешімін табуда. Саңырау, Қоңыртөбе, Үшағаш және Ақсу елді мекендерінде электр желілері тартылып, трансформаторлар орнатылды. Нәтижесінде тұрғындар тұрақты әрі сапалы электр қуатына қол жеткізді. Сондай-ақ, Абай ауылында заманауи спорт кешені пайдалануға берілді. Ал Жүзімдік елді мекенінде 149 орындық жаңа Мәдениет үйінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Нысанды биыл пайдалануға беру жоспарланып отыр.