Түркістан облысындағы Кентау көпсалалы колледжінің студенті халықаралық байқауда жүлделі орын иеленді. Колледждің «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» мамандығының 2-курс студенті Рысхан Ақмарал Венгрия астанасы Будапешт қаласында өткен халықаралық жарыста III орын алды.



