Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Осыған орай Мақтаарал ауданында агроөнеркәсіп саласын дамытуға бағытталған жаңа өндіріс нысаны іске қосылды. Аудан әкімі Бақыт Асанов «Мақтаарал АгроӨнеркәсіп кешені» ЖШС-не қарасты өсімдік майын өндіру зауытына арнайы барып, кәсіпорынның жұмыс барысымен танысты.



