Тараз қаласында 8-10 наурыз күндері аралығында грек-рим күресінен U-15 жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Дүбірлі додада Түркістан облысының жас балуандары жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарды иеленді.

Жүлдегерлер қатарында Айтуған Осман 57 келіде ел чемпионы атанды. Ал, 62 келідегі Әділет Ерхон мен 68 келіде белдескен Самат Үшкемпір күміс жүлдеге ие болды. Сондай-ақ, 38 келі салмақта Думан Жақсылық, 44 келіде Нұрислам Бахытжан, 57 келі салмақ дәрежесінде Ибраһим Жұмаділдә, 75 келіде Бабурбек Юсибеков және +85 келіде Зиядулла Анарқұлов жарыстың қола жүлдегерлері атанды. Осылайша грек-рим күресінен U-15 жасөспірімдер арасындағы ел чемпионатында облыс құрамасы командалық есепте І орынды иеленді.


