Түркістан облысы – халқы еңбекқор, тарихы терең, тамыры тағылымға толы, тығыз қоныстанған өңір. Бұл – шежірелі өлке, сан ғасырлық өркениеттің ізі қалған қасиетті аймақ. Бүгінде 2 миллионнан астам халық мекендейтін бұл өңірдің әрбір тынысы – тынымсыз еңбекпен, табанды тіршілікпен сабақтас.
Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы — дер кезінде қабылданған нақты шешімдер мен жүйелі жоспарлаудың нәтижесі. Бұл облыс әкімінің бастамашылдығы мен басшылықтың үйлесімді іс-әрекетінің жемісі. Түркістан облысын басқару – үлкен жауапкершілік. Бұл жауапкершілікті облыс әкімінің бірінші орынбасары Жолдасов Зұлпыхар Сансызбайұлы абыроймен көтеріп келеді.
Қыстың қақаған аязында қар басқан жолдар мен жабылған бағыттар мәселесін шешу, жылу мен газ жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету, көктемде қар еріп, өзендер тасып, елді мекендерді қорғау шараларын ұйымдастыру, жазда су тапшылығы мен құрғақшылықпен күрес — осындай әртүрлі сынақтарға төтеп беру үшін керекті барлық күш-жігер мен кәсібилік қажет.
Түркістан облысының әкімдігі жүргізген «Халықпен бірге» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстарды көргенде тек сөз емес, нақты істердің жүзеге асқанын байқау қиын емес. Түркістан облысының әкімдігі ғимаратында ғана емес, сол аймақтағы нақты нысандарда да бақылау, тексеру жүргізілді. Бұл – жүйелі жұмыстың айқын көрсеткіші. Басшының тапсырманы түсінікті әрі нақты түрде беруі – жарты істің біткені. Ал әр ауданның ерекшелігін ескеріп, мәселеге тереңірек бойлау – басқарудағы кәсібилік белгісі.
Кабинеттен басқару мен нақты іс-әрекет екі бөлек дүние. Елдің жағдайын көзбен көру, халықпен тікелей тілдесіп, олардың проблемаларын тыңдау — Жолдасов Зұлпыхар Сансызбайұлының жұмыс стиліне тән ерекше қасиет. Ол әрбір мәселеге терең мән беріп, басқару саласында жүйелі әрі сапалы нәтижелерге қол жеткізу үшін нақты әрекет етеді.
Сауран ауданында атқарылған жұмыстар – бұл аймақтың әлеуметіндегі маңызды өзгерістердің дәлелі. Тұрғындардың көгілдір отынмен қамтылып, сапалы ауыз суға қол жеткізуі – халықтың өмір сапасын арттыруға бағытталған ең маңызды шаралардың нәтижесі. Түркістан облысындағы жұмыстардың нақты нәтижелері – жауапкершілік пен табандылықтың жемісі. Әуе қатынасы мен халықаралық әуежайдың дамуы да облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайына елеулі ықпал етуде. Түркістан халықаралық әуежайы өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін арттыра отырып, ел экономикасына үлес қосатын стратегиялық нысанға айналуда.
Сайрам ауданында да әлеуметтік-экономикалық өзгерістер байқалады. Бұл аудандағы ауылдықтардың тұрмысын жақсартуға бағытталған түрлі жобалар мен бастамалар жүзеге асырылуда. Құтарыс ауылының өркендеуі жолында ауыл басшылығы мен кәсіпкерлері үлкен жұмыс атқаруда. Біз бұл бастамалардың жемісті болуына тілектеспіз.
Әр ауданның табиғи және әлеуметтік жағдайы түрлі болатыны белгілі. Бірінде су мәселесі маңызды болса, басқа бірінде газдандыру мен жол жүйесі алдыңғы қатарда тұрады. Жолдасов Зұлпыхар Сансызбайұлы әр ауданның ерекшеліктерін терең түсініп, тиімді басқару арқылы әрбір мәселеге нақты шешім қабылдауда.
Жауапкершілікті сезіну – бұл тек тапсырма беру ғана емес, сол тапсырмалардың орындалуын өз көзімен көру. Жүйелі бақылау, мерзім мен сапаны талап ету, туындаған мәселені дер кезінде шешу – Жолдасов Зұлпыхар Сансызбайұлының жұмыс стилінің басты қағидалары. Оның басшылығымен атқарылған жұмыстар өңірдегі нақты нәтижелерді көрсетеді.
Шынайы басшылық – халықтан алыстамай, әр мәселенің өзегінде болу. Түркістан облысының дамуындағы нақты жетістіктер мен табыстар дәл осы басқару тәсілінің нәтижесі. «Халықпен бірге» жобасы аясында өңірдегі тіршілікке қажетті стратегиялық нысандардағы жұмысқа үнемі бақылау жасалып, атқарылып жатқан жобалар мен іс-шаралар халыққа қолайлы нәтижелер әкелуде.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Жолдасов Зұлпыхар Сансызбайұлының жетекшілігімен жүзеге асып жатқан жұмыстар – бұл халықтың игілігіне қызмет ететін тұрақты жүйе мен жауапты басқарудың айқын мысалы. Өңір дамуының негізі – халықтың әл-ауқатын арттыру және жергілікті тұрғындардың өмір сапасын жақсарту. Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы — бұл жүйелі басқару мен стратегиялық жоспарлаудың нақты нәтижесі.

