REGIONINFO.KZ | ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА БІР МЕЗЕТТЕ 50 БҮЛДІРШІННІҢ ТҰСАУКЕСЕР РӘСІМІ ӨТТІ
16/03/2026

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА БІР МЕЗЕТТЕ 50 БҮЛДІРШІННІҢ ТҰСАУКЕСЕР РӘСІМІ ӨТТІ

Түркістан облысында Ұлыстың ұлы күні қарсаңында ұлттық дәстүрлерді жаңғыртып, ұрпақ сабақтастығын дәріптеу мақсатында Наурызнама онкүндігі аясында іс-шаралар кеңінен аталып өтуде.

Возможно, это изображение один или несколько человек и текст

16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай аудан орталығындағы «Самұрық» аллеясында бір мезетте 50 бүлдіршіннің тұсаукесер рәсімі өтті.
⚜️Іс-шара барысында аудан әкімі Азат Оралбаев, аудан прокуроры Абзал Қыдырбай, аудандық мәслихат депутаты Бақдәулет Жұмабеков, аудандық полиция бөлімінің бастығы Нұркен Сарыпбеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бостан Жәкей, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері мен ардагерлер салт-дәстүрге сай бүлдіршіндердің тұсауын кесіп, ақ баталарын берді. Олар ата-аналарға ізгі тілектерін айтып, балалардың болашағы жарқын, қадамы нық болуына тілектестігін білдірді.
Возможно, это изображение один или несколько человек и текст
⚜️Қазақ халқы үшін тұсаукесер – бала өміріндегі маңызды әрі тамыры терең дәстүрлердің бірі. Бұл рәсім баланың өмір жолы ашық, қадамы берік, болашағы жарқын болсын деген ізгі ниеттен туған. Жиналған көпшілік бүлдіршіндерге ақ тілектерін арнап, жылы лебіздерін білдірді.
⚜️Салтанатты шара барысында ұлттық әндер шырқалып, салт-дәстүр кеңінен дәріптелді. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында өткен бұл рәсім көпшілікке ерекше көңіл-күй сыйлап, мерекелік думанның сәнін арттырды.