Түркістан қаласында 2026 жылы жол инфрақұрылымын дамыту және көлік қозғалысының қауіпсіздігін арттыру мақсатында ауқымды ағымдағы жөндеу жұмыстары басталды.
Қала әкімдігінің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан жұмыстардың негізгі мақсаты – тұрғындар мен қала қонақтары үшін қауіпсіз әрі қолайлы қозғалыс ортасын қалыптастыру.
Жөндеу барысында жол жамылғысындағы жарықтар, шұңқырлар мен ойықтар қалпына келтіріліп, асфальт-бетон жабынының сапасы жақсартылады.
Ағымдағы жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіледі. Алдымен қаланың орталық көшелері қамтылады. Сонымен қатар қоғамдық көлік қатынайтын негізгі бағыттарда жол жамылғысын қалпына келтіру жұмыстары жүзеге асырылады.
Бұдан кейін секторлар бойынша ішкі көшелерде жөндеу жұмыстары жалғасады.

