Шымкент қаласы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері №36 жалпы орта білім беретін мектепте «Жас сақшы» сыныбының оқушыларына интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері, әлеуметтік желілердегі алдау тәсілдері, жалған инвестициялық ұсыныстар және жеке деректерді қорғау жолдары түсіндірілді.
Сондай-ақ оқушыларға банк картасының деректерін, SMS-кодтарды және өзге де құпия ақпаратты бөгде адамдарға бермеу қажеттігі ескертілді.
Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдердің киберқауіпсіздік сауаттылығын арттырып, интернет кеңістігінде сақтық мәдениетін қалыптастыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу.

