26/11/2026

Шымкент пен Астана арасында қосымша пойыз қатынайды

15 желтоқсаннан бастап Шымкент пен Астана қалалары арасында қосымша жолаушылар пойызы жолға шығады. Бұл туралы мереке күндері теміржол қатынасына деген сұраныстың артуына байланысты қосымша пойыздар ұйымдастырылып жатқанын хабарлады.

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында жолаушыларға қолайлы жағдай жасау және теміржол билеттеріне деген сұранысты қамтамасыз ету мақсатында қосымша пойыздар іске қосылады.

Атап айтқанда, №204/203 «Нұрлы жол – Шымкент» бағыты бойынша қосымша пойыз күнара қатынайды. Оның жүру кестесі төмендегідей:

  • Астанадан («Нұрлы жол» вокзалы) – 2026 жылғы 14 желтоқсаннан 2027 жылғы 10 қаңтарға дейін;
  • Шымкенттен – 2026 жылғы 15 желтоқсаннан 2027 жылғы 11 қаңтарға дейін.

Сонымен қатар, мерекелік кезеңде тағы екі бағыт бойынша қосымша пойыздар қатынайды.

№201/202 «Алматы-2 – Астана-1» бағыты:

  • Алматыдан – 2026 жылғы 22 желтоқсаннан 2027 жылғы 10 қаңтарға дейін күнара;
  • Астанадан – 2026 жылғы 23 желтоқсаннан 2027 жылғы 11 қаңтарға дейін күнара.

№205/206 «Ақтөбе – Астана-1» бағыты:

  • Ақтөбеден – 2026 жылғы 22 желтоқсаннан 2027 жылғы 10 қаңтарға дейін күнара;
  • Астанадан – 2026 жылғы 23 желтоқсаннан 2027 жылғы 11 қаңтарға дейін күнара.

Қосымша пойыздар стандартты купе және плацкарт вагондарынан жасақталады.

Жолаушылар билеттерді «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ресми сайтынан сатып ала алады: https://bilet.railways.kz/.

Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларға сапарларын алдын ала жоспарлап, билеттерді ертерек сатып алуға кеңес береді. Себебі мереке күндері теміржол қатынасына деген сұраныс дәстүрлі түрде артады.

Қосымша ақпарат алу үшін 1433 нөміріне хабарласуға болады.