«AGROFEST TURKISTAN – 2026» фестивалінде Түркістан облысының жылыжай шаруашылығындағы әлеуеті мен өндірістік көрсеткіштері таныстырылды. Өңір еліміздегі маусымаралық кезеңде жылыжайда өсірілген көкөніске деген қажеттіліктің 63 пайызын қамтамасыз етеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығын дамыту, азық-түлік қауіпсіздігін нығайту және отандық өндіріс көлемін арттыру міндеттерін қойып келеді. Осы бағытта облыс әкімі Нұралхан Көшеров өңірдің аграрлық әлеуетін тиімді пайдалану, өндірісті ұлғайту және ауыл шаруашылығына инвестиция тарту жұмыстарын жүйелі жүргізуде.
Бүгінде Түркістан облысындағы жылыжайлардың жалпы көлемі 1 007 гектарды құрайды. Биыл жылыжай шаруашылықтарында 150 мың тонна көкөніс өндірілді.
Жылыжай өндірісінің дамуы жыл бойы халықты жаңа піскен көкөніспен қамтамасыз етуге, импортқа тәуелділікті азайтуға және ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.
Түркістан облысының жылыжай шаруашылығы – еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосып отырған маңызды аграрлық бағыттардың бірі.

