16/11/2026

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТТІ

2026 жылғы 14 қарашада терроризмге қарсы күрес жөніндегі Түркістан облыстық жедел штабының ұйымдастыруымен Сауран ауданына қарасты Еңбекшідихан ауылындағы ескі әуежай аумағында жоспарлы терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – құқық қорғау және арнаулы органдардың террористік сипаттағы қауіп-қатерлерге жедел ден қою, олардың алдын алу және жолын кесу бойынша күштері мен құралдарының дайындығын тексеру.
Оқу-жаттығу барысында тиісті мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы мен жедел әрекет ету дағдылары пысықталды.
Жоспарланған оқу-жаттығу толық аяқталды. Азаматтарға көрсеткен түсіністігі мен қауіпсіздік талаптарын сақтағаны үшін алғыс білдіреміз.