02/11/2026

ТҮРКІСТАН: ЖЕМІСТІДЕ 100-ГЕ ЖУЫҚ АЗАМАТ КӨШЕТ ШЫҒАРУМЕН АЙНАЛЫСАДЫ

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Жемісті ауылдық округіне арнайы жұмыс сапармен барып, көшет өсірумен айналысатын кәсіпкердің жұмысымен танысты.

Айта кетсек, Жемісті ауылдық округінің тұрғыны Н. Жолдасов 6 жылдан астам уақыт бойы сәндік ағаш көшеттерін өсірумен айналысып келеді. Көшет өсірудің қыр-сырын жетік меңгерген кәсіпкер жылына 30 мың түп көшет өндіреді. Бүгінде шаруашылықта ақ терек, шынар, аққайың, шаған, шырша және басқа да сәндік ағаш түрлерінің көшеттері өсіріледі. Өнімдеріне сұраныс жоғары болғандықтан, оларды сатып алу үшін өзге қалалардан арнайы келетін тұтынушылар да бар.
Жалпы, бүгінде Жемісті ауылдық округінде 100-ге жуық тұрғын ағаш көшеттерін өсірумен айналысып, өз кәсіптерін табысты жүргізіп келеді. Бұл бағыттағы жұмыстар жергілікті кәсіпкерліктің дамуына және ауыл тұрғындарының табысын арттыруға ықпал етуде.
Аудан әкімі шаруа қожалығының жұмысына оң баға беріп, кәсіпкердің еңбегін жоғары бағалады. Сондай-ақ шаруашылықтың одан әрі дамуына тілектестік білдіріп, алдағы бастамаларына сәттілік, еңбегіне жеміс, кәсібіне береке тіледі.