16/11/2026

Мемлекет басшысы ҰҚК төрағасын қызметінен босатып, орнына жаңа басшы тағайындады

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығы ауысты.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылды.

Ирменов Марат Гатауллович

Президенттің тағы бір Жарлығымен Марат Ғатауллаұлы Ірменов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Осыған байланысты ол бұрын атқарған қызметінен босатылды.